Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар өз зейнетақысын алдын ала есептей алады

Астана қаласы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің бэк-офистері ашылды, онда азаматтар өздерінің зейнетақы төлемдерін алдын ала есептей алатын болады.

1996913

Бэк-офистерге жүгінулерден бөлек қажетті құжаттарды [email protected]   электрондық поштасына жолдаулға болады, деп хабарлады “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Зейнетақыны алдын ала есептеу және кеңес алу үшін еңбек кітапшасын, білімі туралы дипломын, әскери билетін, неке туралы куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ әйел адамдар үшін балаларының туу туралы куәліктері мен жеке куәліктері керек болады. Жұмыс өтілін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұрағат анықтамасын, сот шешімін, оңалту туралы анықтаманы ұсынуға болады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, осы пилоттық жобаны тестіден өткізу – мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге алғашқы қадам.

“Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін бізге келулерін күтіп отырмай, оларды алуға өзіміз бастамашылық жасағымыз келетінін бірнеше рет айтқанбыз. Әзірше бұл – біз бастамашылық жасаған  бірінші пилоттық жоба. Сондай-ақ біз клинеттерге олар зейнетақы төлемдерін үйден шықпай-ақ алдын ала есептей алатындарын естеріне саламыз. Болашақта осындай көптеген пилоттар қызметтерді белсенді көрсетуге бағытталатын болады деп ойлаймын”, – деді Оспанов.

Оспанов пилоттық жобаның әзірше тек Астанада тестіден өтетінін, ал азаматтар тарапынан оң пікірлер болған жағдайда, ол Қазақстанның басқа да қалаларына таратылатынын айтып өтті. Айтпақшы, зейнетақының алдын ала мөлшері көрсетілетін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері өтініш электрондық поштаға түскеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер азамат корпорацияның бэк-офисіне жүгінген болса, онда ол мұны сол күні-ақ біле алады. Зейнетке шығуына дейін көп дегенде 3 ай қалған азаматтар ғана алдын ала есептеу үшін өтініш білдіруге келе алатынын атап айтамыз.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер 7 жетім отбасының әрқайсысына 2-3 бөлмелі үй сыйламақ (фото)

Неліктен Мақсат Үсеновті әуежолаушыларының қара тізіміне енгізген жоқ?

Қазақстандағы ең танымал есімдер белгілі болды

Талқылау