Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада ойынын көруге барған қазақстандықтар не себепті Сеулге кіре алмай жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сеулге кіре алмай жатқан қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Оңтүстік Корей елінің консулдық департаменті басшылығының мәліметінше, бұған шекаралық бақылау бекетінде жалған ақпараттың айтылуы мен қолма қол ақшаның аздығы, сонымен қатар күтіп алушы азаматтардың жоқтығы себеп болған», – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Шенеуніктер қазақстандықтардың мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді.

«Сеулдегі дипломаттарымыз елдің консулдық департаментімен байланысқа шығып, мән-жайды анықтап жатыр», – деді СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Бұған дейін БАҚ Олимпиада ойындарын тамашалауға барған қазақстандықтарды жергілікті ұшақтан түсірмей, билетін алып қойғаны хабарланған еді.

СІМ сайтында Оңтүстік Корей еліне баратындар үшін арнайы қосымша ақпарат жарияланды.

Тағы да оқыңыз:

Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін айтты

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)

Талқылау