Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір аяғынан айырылған алматылық қыз 50 мың теңгеге күн көріп, протез алуды армандап жүр

Алматылық мүгедек қыз жаңа протез аяқты армандайды. Қыз желіде қазақстандықтардан жаңа протез сатып алуға көмектесуді сұрады. Оның айтуынша, әр адам 400 теңгеден немесе 1 еуродан жинаса жаңа протездің ақысы шығады.

Бұл туралы қыз желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Надира Аухадиева 2017 жылы онкологиялық аурудан оң аяғынан айырылды.

«Менде онкология болды. Барлығы 2014 жылы басталды. Тіземде кішкене ісік шыға бастады. Уақыт өте ісік көлемі үлкие берді. 2017 жылы аяғымды кесуге тура келді. Қарашада квотамен протез салғыздым. Өкінішке орай бұл ескі үлгідегі протез болды. Ол өте ауыр. Оны тасып жүру қиын», – дейді Надира.

Қыз мүгедек арбасынан бас тартқан. Себебі, неміс протезімен өз аяғына тұрып кетуді арандайды. Надира желі арқылы жаңа протез сатып алуға көмек сұрады.

«Немістер жасайтын жаңа заманғы протезім болғанын қалаймын. Бірақ, оған мендегі қаржы жеткіліксіз. 70 мың адамның әрқайсысы 1 еуродан немесе 400 теңгеден жинаса, жетеді. Енді 66 мың адам көмектессе ақша жиналады. Өтінемін, маған жаңа протез сатып алуға көмектесіңіздерші, таныстарыңызға да айтыңыздаршы», – дейді қыз.

Надира Аухадиеваға жаңа протез сатып алуға көмектесемін деушілер болса мына шоттарға 400 теңге немесе 1 еуро салып жіберсе болады.

Kazkom 4003 0327 8606 4735

Halyk bank 4390 8782 6255 0931

Kaspi Gold 5169 4931 9616 9000

Qiwi кошелек +7747 245 90 54

PayPal [email protected]

Тағы оқыңыз:

Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының бортында ресейлік қазақ болған

Жапон самурайының ұрпағы 5 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр

Тарихшы: Байзақ батыр елінің азаттығы үшін өмірін құрбан етті

Павлодар әкімінің орынбасарына дүкендегі картоптың түрі ұнамай қалды

Біріккен Араб Әмірліктері: Визасыз тәртіп жөнінде не білу керек?

 

 

 

Талқылау