Қазақстандықтар комиссиялық төлем үшін банктермен соттасып жатыр

Шағымдардың 42%-ы банк тарапына келетін азаматтық шағымдар. Көпшілік қаржы ұйымдарының комиссиялық төлемдерін заңсыз деп санайды.

Ұлттық банк мамандары мен заңгерлер азаматтарға заңсыз төлеген комиссиялық төлемдерін қайтарып алуға көмектеседі.

Астана тұрғыны Жансая Зайв  комиссия үшін 150 мың ақша төлегенін айтты. Бұл несиені мерзімінен бұрын төлеу үшін берілген сома. Бойжеткен төлеген ақшасын қайтарып алды.

Банктің қандай комиссиясы заңды саналады?

Заң бойынша, банктер банктік есепшот ашу үшін және жабу үшін комиссия алады, бірақ несиелік есепшот үшін комиссиялық төлем алмайды. Бұл бухгалтериялық есепте көрсетіледі.

«Банктер несиелік есепшот үшін комиссиялық төлем алмайды. Бұл банктің қосымша жұмысы ретінде саналады. Анығырақ айтқанда, клиенттің қаржылық жүйесін тексеру үшін», – дейді Ұлттық банк орталық филиалының бас маманы Раушан Бірмағамбетова.

Айтуынша, банк тарапынан болған қызмет үшін клиент ақы төлемеуі керек. Оның үстіне бақылау автоматтандырылған.

Жоғарғы сот шағымның көп түсуіне байланысты Ұлттық банктен коммерциялық банктерді бақылауға алуды сұрайды.

«Ұлттық банк бақылау жүргізе алуы үшін біз заңнамаға өзгерістер енгізіп, оған өкілттік береміз. Сол арқылы Ұлттық банк типтік келісім жасап, сараптама жүргізе алады. Бүгінде қаржы институттары келісімдер жасамайды. Соның салдарынан клиенттерге ауырлық түсуде», – дейді Жоғарғы сот төрағасы Алтай Қасымов.

Сондай-ақ, судьялар комиссияларды және пайыздық мөлшерлемелерді бақылау арқылы банктердің үстеме пайдасын шектейтін «өсімге қарыз беруге тыйым салу» туралы заң қабылдауды ұсынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар