Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар көкнәрді есірткі препараты ретінде теңестіруді талап етуде

Павлодарлық прокурорлар адамдардың көкнәрді тағамдық қоспа ретінде көбірек тұтына бастағанына алаңдаушылық танытуда. Олар көкнәрдің еркін түрде саудаға шығарылуына тыйым салуды ұсынып отыр.

674

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

66 жастағы зейнеткер әжей Айман әр зейнетақысын ұлына беруге мәжбүр. Ол әр күн сайын кондитерлік көкнәр сатып алады екен. Ол арнайы дайындау жолы арқылы көкнәрді тұтына бастаған кезде, ұлының жәй-күйін көргісі келмеген ана пәтерден сыртқа шығып кететін көрінеді.

“Ол әр күн сайын талап етеді. Әлгіні пісіру үшін оған 2 мың теңге керек. Бір кездері үйленіп, балалы болып, бәрін тастағандай көрінген. Бірақ, жарты жылдан бері қайтадан бастап кетті”, – дейді ол.

Тағамдық көкнәрға Қазақстанда тыйым салынбаған. Сондықтан оны кез-келген дүкен сөресінен табуға болады. Сатушылар көптеген клиенттердің неліктен оны келілеп сатып алатынын айтқызбай біледі.

Дүкендер кулинарлар үшін емес, нашақорлар үшін көкнәр сататынын жасыруға тырысады. Ал кондитерлік көкнәрларды көз жететін жерден алыс қояды.

Құқық қорғау органдары болса қазіргі таңда көкнәрға деген тәуелділік күшейіп бара жатқанын айтып дабыл қағады. Нағыз есірткіге ақша жетпегендіктен, көбісі осылай тұтынады. Тыйым салынған есірткі өнімдерінің қатарына қазір 275 препарат кіреді.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда балабақша тәрбиешісі киллер жалдау үшін күйеуінен 8 мың доллар ұрлап алған

Қазақстандық келіншек өз еркімен күйеуіне тоқал іздеп жүр

Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен дін қызметкері сотталды

Дәрігер үміт жоқ деген: Марлен мен Әнел ауыр дертті қалай жеңгендерін айтып берді

Талқылау