Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қасиетті Меккедегі дүлей дауылды қалай өткергенін айтып берді

Жексенбі күні қасиетті Меккеде дүлей құмды дауыл тұрды. Бұл кезде қажылықта жүрген қазақстандықтар әлемнің басқа да мемлекеттерінен келген мұсылмандармен бірге табиғаттың тосын құбылысына куә болды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандықтар қасиетті Меккедегі дүлей дауылды қалай өткергенін айтып берді

Меккедегі құмды дауыл құлшылығын өтеуге келген мұсылмандардың зәресін алды. Қатты жел шатыр, үстел, қоқыс жәшіктері, қоршаулар мен жол белгілерін құлатып жатты. Табиғаттың тосын құблысынан шошыған жұртшылық тығылып, жан сақтауға тырысты.

Қолайсыз ауа райына қазақстандық мұсылмандар да куә болды. Куәгерлердің сөзінше, қатты қорыққанымен, иманы күштірек болып шыққан. Оқиға кезінде ешкім қажылығын тоқтатпапты.

«Кеше дауыл болды. Біз әрең аяқ алып жүрдік. Аллаға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрі аман-есен. Жанымызда үнемі дәрігерлер жүр», – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-мүфтиі Бауыржан Есмахан.

Синоптиктер дүлей дауыл дүйсенбі күні қайталана ма деп қорыққан еді. дәл осы күні қажылыққа аттанғандар қасиетті Арафат тауының маңында құлшылығын атқаруы тиіс еді. Алайда, мұсылмандардың сөзінше, ауа райы

«Қазір бәрі жақсы, тыныш. Көріп тұрғандарыңыздай, ауа райы ашық, жылы әрі күн шығып тұр. Жел жоқ», – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау