Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Junior Eurovision байқауын қайдан көре алады және Данэлия үшін қалай дауыс береді

Минскте ақында Junior Eurovision музыкалы байқауы болады. Оған 12 жастағы Данэлия Төлешова қатысады.

Қазақстан үшін бұл байқауға қатысу ерекше болмақ. 19 қарашада ашылу кезінде жеребе ойнатылып, Данэлияның сахнаға қаншасыншы болып шығатыны анықталады.

Қазақстандық әнші қыз “Өзіңе сен” әнін орындайды. Байқауды “Хабар” арнасынан түнгі сағат 23.00-де көруге болады. Ал, 25 қарашада сағат 21.00-де осы арнада тікелей эфирде көрсетеді. Байқауда 20 елдің қатысушысы бақ сынайды.

Қатысушылар өнер көрсеткен соң дауыс беріледі. Әділқазылар алқасында үш ересек және 2 бүлдіршін, көрермендер бар. ҚазақстандықтарДанэлия үшін, ұнаған өзге елдің өнер көрсетушісіне де дауыс бере алады.

Көрермен дауысы  junioreurovision.tv арнасында 23-25 қараша аралығында өтеді. Көп дауыс жинаған әнші жеңімпаз атанады. Халықаралық «Junior Eurovision Song Contest» ән байқауы 9-14 жастағы бүлдіршіндер қатысатын «Евровидения» байқауы секілді. Қазақстан бұл байқауға 15 жылда алғаш рет  қатысып отыр. Қазақстан аумағында байқау “Хабар” арнасы арқылы көрсетіледі.

“Хабар” агенттігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі. Соның көмегімен Қазақстан атынан қатысушы байқауға жолдама алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау