Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы өмірге интернеттегі дүниежүзілік ақау қауіп төндіре ме?

11 қазан күні адамзат тарихында алғаш рет интернеттің доменді аттарын қорғайтын криптографиялық кілттер ауысады. Қарапайым тілмен айтқанда біз интернетсіз қалуымыз мүмкін. Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтар интернетсіз өмірге дайын ба?

Бүгінгі күні интернетсіз өмірді елестету қиын. Қазіргі заманда ол адам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналғандай.

Криптокілттерді ауыстыруға домендік аттарды әрі IP-мекенжайларды басқаратын америкалық Корпорация ұзақ жылдар бойы дайындалды. Олар бұл процедураны 2005 жылы өткізуды жоспарлаған, бірақ интернет-провайдерлер ол кезде дайын болмаған.

Сондықтан криптокілттерді 13 жылдан соң ауыстыру туралы шешім шыққан.

Қазақстанның интернет-ассоциациясының мәлімдемесінше, .kz домендеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қауіп төнсе де, оперативті қызметтердің сөзінше, телефон байланысы қалыпты тәртіпте жұмыс істейтін болады.

“Ол жедел жәрдемнің қызметіне әсерін тигізбейді. Себебі, интернет жүйесіндегі профилактикалық жұмыс негізінен шетелдік домендерге жасалады. Ал жедел жәрдем, оның ішінде диспечерлік бөлім тоқтаусыз жұмыс істейді”, — дейді Қарағанды облысындағы жедел жәрдем станциясының директоры Зульфикар Әбілқасымов.

Сергей Забурдяев интернет арқылы өз кәсібін жүргізеді, бірақ 11 қазанда орын алатын ақаулардан қорықпайды. Сонымен қатар, ол қазіргі хаттамалардың ескеріп кеткенін біледі әрі оларды ауыстыру керектігін түсінеді.

“Барлығы жылдам жасалу керек. Процесс лезде жүзеге асу тиіс. Сонда сіз шифрлаудың ауысқанын байқамай қаласыз. Бұл ішкі процесс. Егер ақау болса, оны қайтадан шифрлаудың ескі жүйесіне қайтаруға болады. Бірақ ол екіталай”, — дейді интернет-компанияның директоры Сергей Забурдяев.

Криптошифрлеуден соң жүйенің қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілу мүмкін. Сайтты бұзу мен хакерлік шабуылдарды жасау мүмкіндігі жойылады.

Талқылау