Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Головкин мен Альварес жекпе-жегін қай уақытта, қайдан көре алады

Биыл күзде көптен күткен айқас басталады. Қазақстандықтар Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегін тамашалайды.

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Жекпе-жек Астанадағы үлкен экраннан көрсетіледі. Спортшылардың қарымта кездесуін қазақстандықтар 16 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 06:00-де тамашалайды.

GGG мен “Канело” айқасын Qazaqstan мен Qazsport арнасынан көре аласыздар. Сонымен қатар Qazaqstan TV мобильді бағдарламасы арқылы тамашалауға болады.

Геннадий Головкин мен Сауль “Канело” Альварес реваншы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 15/16 қыркүйек күні өтеді.

Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альвареспен қарымта кездесуінің алдында мәлімдеме жасап, өзінің жеңетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау