Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар “Ғалам аруына” қатысатын отандасымыздың байқауда киетін киімін сынап тастады

Қазақстандықтар Таиландта өтетін «Ғалам аруы» байқауына аттанған отандасымыздың киімін сынап тастады. Желі қолданушыларының пікірінше, костюмдегі қауырсындар мен жылтырақтар үшін сұлудың артықшылықтары байқалмайды. Сонымен қатар пікір қалдырушылардың дені киімнің кейбір бөлшектерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының элементтерімен ұқсастығы барын айтты.

Қазақстандықтар "Ғалам аруына" қатысатын отандасымыздың байқауда киетін киімін сынап тастады

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сәбина Әзімбаева «Ғалам аруы-2018» байқауында елімізді таныстырады. Бұған дейін оның салмағы 30 келі болатын костюмі көрсетілген еді. Алайда оны ұнатқандардан гөрі, сынаушылар қатары көбейді.

Ал сәнгерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясынан шабыт алғандарын жасырмады. «Алтын адам» образының және Қазақстан туының элементтері бар киімді дайындау үшін 10 шебер екі ай бойы тер төгіпті.

Қазақстандықтар "Ғалам аруына" қатысатын отандасымыздың байқауда киетін киімін сынап тастады

Мұндай идея «Алматы аруы» байқауының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Совет Сейітовке тиесілі екен. Өз сөзінде ол бұған дейін қазақстандық қыздар «Әлем аруы» және «Ғалам аруы» байқауларына қатысқанда қазақтың ұлттық киімін киіп шыққанын, сондықтан қызығушылық тудырмағанын айтты. Ал сақ жауынгерінің образындағы ерекше костюм көпшілікті таңғалдырады, деп сенеді ұйымдастырушылар. Оларды сәнгерлер де қолдап отыр.

Қазақстандықтар "Ғалам аруына" қатысатын отандасымыздың байқауда киетін киімін сынап тастады

«Оны халық түсінбесе де, «Ғалам аруындағылар» костюмді түсініп, тиісінше баға береді», – дейді сәнгер Назым Қарпықова.

Десе де идея авторлары киімге қанша ақша жұмсалғанын айтпады. Алайда мемлекет қаржысынан бір тиын да алмағанын атап өтті. Киімге жұмсалған шығынды серіктестер мен демеушілер көтерген. Ал салмағы 30 келі болатын костюм табиғи былғарыдан тігіліпті.

Қазақстандықтар "Ғалам аруына" қатысатын отандасымыздың байқауда киетін киімін сынап тастады

Айта кетсек, «Ғалам аруы» сұлулық байқау 17 желтоқсанда Бангкокта өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау