Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді мобильді телефон арқылы той ұйымдастыра алады

Қазақстанда той ұйымдастыруға арналған ToiDriver мобильдік қосымшасы жасалды. ToiDriver – кез келген мерекелік шараны делдалсыз ұйымдастыруға көмектесетін ТМД елдеріндегі тұңғыш тегін мобильді қосымша.

big-screen-3

Сурет: keddr.com 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабаралайды.

Аталған мобильді қосымшаның ерекшелігіне тоқталатын болсақ, қолданушының (тапсырыс берушінің) орындаушыға тікелей байланысқа шығу арқылы қызметке тапсырыс беру және өзінің бағасын белгілеу мүмкіндігі жасалады. Тапсырыс берушіге өзінің өтінімін беру және бағасын көрсетуі жеткілікті, өз кезегінде барлық әртістер мен жалға берушілер оның тапсырысын алып, онымен тікелей байланысқа шыға алады.

Мобильді қосымша арқылы мерекелік шараларды жүргізетін әртістерді (жүргізушілер, әншілер мен бишілер, фотографтар және т.б) және жалға берушілерді (тойхананы, кортеж, сандық жабдықтар және т.б.) табуға болады

ToiDriver қосымшасы IOS және Android танымал мобильді операциялық жүйелеріне бейімделген.

Бүгінгі таңда, жарнама жасалмағанына қарамастан, 1000-нан астам тұтынушы аталмыш мобильді қосымшаны жүктеп, қолданысқа енгізді. Базаны барлық Қазақстан бойынша 20 000 орындаушы (әртістер) және 250 000 тапсырыс берушіге жеткізу жоспарлануда. Жобаның жоспарына еліміздің барлық тұрғындарын, соның ішінде ірі қалаларды ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы аудандарды қамту кіреді.

Талқылау