Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орындарында медициналық тексеруден өте алады

Қазақстандықтар бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталықтарында кәсіби медициналық тексеріске және скренингтерге жазыла алады, – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

11083507

«Кәсіби тексеру мен ұлттық скренингті бағдарламалар ересектерді қажетінше қамтамасыз етуі тиіс болған. Алайда бұл жоспарымыз біз күткендей нәтиже бермей отыр. Осыған байланысты біз халыққа қызмет көрсету орындарында азаматтардың дәрігер қарауына жазыла алатын және медициналық анықтама қағазын ала алатын автоматты жүйе жобасын іске қоспақпыз», – деді Тамар Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, мұндай шара тұлғалардың уақытын тиімді пайдалануына, әрі емханалардағы ұзын-сонар кезектің азаюына септігін тигізеді.

«Скренинге қатысты айтар болсам, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларымен бірлесе отырып, ұлттық скренинг бағдарламасының тиімділігі жөнінде сараптама жасап көрдік. Ақырында оның параметрлерін қолданып көру қажеттілігі барын анықтадық», – дейді министр.


Дүйсенова: Елімізде бэби-бокс орнату мәселесi қыркүйек айында шешiледi

Талқылау