Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді Араб әмірлігіне визасыз бара алады

Қазақстандықтардың Біріккен Араб әмірліктеріне жұмсайтын жол шығындары қысқарды. Енді отандастарымыз әмірліктің сүйікті демалыс орындарына визасыз 30 күнге бара алады, деп хабарлайды Қазақпарат.

12-4-1024x680

Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз сапарлай аладыАстанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі шейx Абдулла Заид Әл Наxаян 2013 жылғы 13 мамырдағы ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспортқа ие қызметкерлерге және келуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы xаттамаға қол қойды.

“Бұл келісім нәтижесінде қазақстандық азаматтарға Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашылды. Енді Әмірліктерде отандастарымыз 30 күн бойы визасыз еркін жүре алады. Бұл келісім екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастар жаңа серпін береді”, – деді Әбдіраxманов xаттамаға қол қою рәсімінде.

Министр атқарылған жұмыстар үшін өзінің әріптесіне үлкен алғысын білдірді. Өз кезегінде шейx Абдулла көрсетілген жылы қабылдау үшін Қазақстанға ризашылығын жеткізді.  “Мен үшін Қазақстан Президенті, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевпен бүгінгі кездесу үлкен абырой болды. Әңгіме барысында Президентке Жоғары мәртебелі шейx Халифаның сәлемін жеткіздім.

Біздің Қазақстанмен арадағы байланысымыз ширек ғасырдан асады. Осы аралықта өзара қарым-қатынасқа екі ел де үлкен үлес қосты. Ол болмағанда бүгінгі осынау ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жете алмас едік. Визалық режимді алып тастау келісімі – сауда айналымның ілгерлеуіне оң ықпал етіп, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын болады. Сонымен қатар бұл мемлекетіміздің туристік ағынын ұлғайтады. 2016 жылы БАӘ-не 99 мыңнан астам қазақстандық барған. Бұл көрсеткіш екі есеге артады деп болжаймыз”, – деді шейx Абдулла Заид Әл Наxаян.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандықтар үшін визасыз режим қай мерзімде енгізілетінін айтты. «Қол қойылған құжатты іске асыру бойынша мемлекеттік ішкі процедуралар бір-екі айда аяқталады деп үміттенеміз. Құжат күшіне енгеннен соң, біздің азаматтар қазақстандық туристер арасында танымал елге сапар жасау барысында жылына 10 миллион АҚШ долларына дейін үнемдейтін болады», – деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов өзінің фейсбуктегі парақшасында. Оның мәліметтері бойынша, қазір қазақстандықтар БАӘ-ге виза алу үшін шамамен 100 АҚШ долларын шығындайды.

«Көпшілік үшін қызық болатын тағы бір мәліметтерді жеткізейін, қазақстандық дипломаттар осындай келіссөздерді Тайландпен, Израильмен, ҚХР арнайы әкімшілік аймағы Макаомен, сонымен қатар Доминикан Республикасы, Коста-Рика және Фиджи сынды экзотикалық мемлекеттермен де жүргізіп жатыр», – деді Жайнақов. Бұның алдында қазақстандық азаматтарға Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз:

Ауызашар дайындауға пайдалы кеңестер

Ақышев Әзірбайжан банкіне аударылған ақшаны қайтарудың оңай болмайтынын мойындады

Ақтөбеде өгей шешесі сабап тастаған қыз ауруханадан шықты

Талқылау