Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бүгін түнде жұлдыздар ағатын әсем көріністі тамашалайды

Бүгін байқалатын Орионидтер метеорлық жауынының адамдарға зияны жоқ.

20161021142036

Бұл туралы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЖШС Ай және планеталар физикасы зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфель мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Бұл метеорлардың денсаулыққа әсері жоқ, сондықтан бұл тұрғыда зиян келеді деп алаңдап керек емес. Бұл бөлшектар 100-150 шақырым биіктікте жанып кетеді және олардың Жерге еш әсері болмайды. Тек қана осы метеорлық ағымнан Жердің салмағы біртіндеп өседі», – дейді профессор.

Оның сөзіне қарағанда, егер де Жер  шағын бөлшектер шоғырланған орбитаның тиісті бөлігін кесіп өткен кезде, бұл қатқыл бөлшектер үлкен жылдамдықпен Жер атмосферасына кіреді және ауаның кедергісінен жоғары биіктікте ыдырайды.

«Осы тұрғыда аспанда аққан жұлдыздар секілді жарықты байқаймыз. Метеорлар жауынын түннің орта кезінде әлемнің кез келген нүктесінде ашық кеңістікте көруге болады. Алайда, жарық шамдары көп жерлерде мұндай құбылысты байқау қиындау», – деді Виктор Тейфель.

Орионидтер – ол жыл сайынғы метеорлық жауын, яғни бұл ретте аққан жұлдыздар іспеттес көріністі байқауға болады. Метеорлық ағым кезінде аспаннан түрлі түсті жарықтар анық көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, орионидтер 17-26 қазан аралығында белсенді болады, ал оның кең шоғыры 21 қазанда байқалады. Осы кезде құлаған метеорлардың саны сағатына орташа есеппен 20-ға дейін, ал кейде 30 метеорға дейін жетеді. Метеорлардың жылдамдығы секундына 66 шақырымды құрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын екі есеге қысқарту ұсынылды

Қазақстандық жүкті әйелдерге смартфон мен ноутбуктан бас тарту ұсынылды

Ақтауда несиесін төлей алмаған әйел 9-қабаттан секірмек болды (видео)

Жас жігіт теракті туралы әзілдеймін деп 2 жылға сотталып кетті

Талқылау