Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бұдан былай ғаламторда анонимді түрде пікір қалдыра алмайды

Ғаламторда пікір қалдыру үшін өзіңіз жайлы мәлімет жазуыңыз керек болады. Бұдан былай қазақстандықтар жұмбақ кейіпте пікір жаза алмайды, деп хабарлайды КТК.

БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерісті мәжілісте мақұлдап та қойды. Егер сенаттағылар келіссе, бұдан былай қазақстандықтар тек өзін таныстыра отырып пікір жазатын болады.

Пікір жазу үшін электронды сандық қол қою үлгісін алу немесе бірыңғай пароль алу үшін смс-хабарлама жіберу керек. Пікір жазғанда өз атыңызды не ойдан құраған есімді жаза аласыз. Бірақ қандай жағдай болмасын телефон нөмірі арқылы сіз жайлы ақпарат белгілі болады. Министрліктегілер аноним түрде жазудың қауіпсіздік әрі елдегі тәртіп үшін керек екенін айтты.
Тағы да оқыңыз:

Бұдан былай айыппұлдар коммуналдық қызметтердің түбіртегімен бірге келетін болды

Балиева неліктен қазақ әдебиетін ағылшынша оқу қажет екенін түсіндірді

Саусақ “тақылдатса”,ұшақта телефон қосса не болады: ең қызықты сұрақтарға жауап

Талқылау