Қазақстандықтар бүкіл ел болып аяғынан айырылып қалған Әселге ақша жинап берді. Оның қазіргі жағдайы қандай?

2010 жылы Әсел Хусаинова есімді азаматша Алматыдағы оқуын аяқтап, үйіне, Талдықорғанға қайтып бара жатқанда ЖКО-ға түскен. Авариядан соң аяғынан айырылған ол, әлеуметтік желіде Аяз-атаға хат жазып, қазақстандықтардың жүректерін елжіреткен болатын. Мейірімді адамдардың көмегімен Әсел Хусаинова көрші жатқан Қытай еліне барып, ота жасатып қайтқан еді.  Stan.kz ақпараттық агенттігі азаматшамен байланысып, қазіргі денсаулығы қандай екенін, мүгедектікпен қалай күресетінін және өз досының сатқындығы  жайлы не ойлайтынын анықтады.

 Қытайда Әселге дәрігерлер жақсы күтім көрсеткен. Азаматша көрші елде өз өмірін дәрігерлерге батылдықпен табыстаған:

“Қытайда маған ота жасалды.  Созылмалы остеомиелит деген індет пен іріңнің кесірінен сандағы сүйекті алып тастау керек болды. Ол жақта бір айдай емделдім. Дәрігерлер маған сүйек қатайтатын, имунитетті көтеретін дәрілер жазып берді. Бір жыл көлемінде оларды іштім. Ешбір жерім ауырмаған соң, өзіміздің қазақстандық дәрігерлерге қаралмадым.   Қытайда медицина дамыған. Дегенмен  дәрігерлер маған  отаны өте  тыңғылықты жасаса да, аяғым қайтадан іріңдеп кетті. Ірің қайтып келген соң, бір ай бұрын тағы да отаға жатуыма тура келді. Сүйек қайта тазаланды ”, — дейді ол.

Әсел Алматы қаласында орналасқан Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да  геодезия және картография мамандығы бойынша білім алған. Бірақ ол қазіргі уақытта “Жігер” Бизнес Орталығында, қаржы төлем жинау агенттігінде борышкерлермен жұмыс істейтін менеджердің қызметін атқарады. Осы қызметіне кіріспес бұрын Әсел Хусаинова өзін нейл стилист ретінде де сынап көріп, сұлулық салондарында жұмыс істеген:

“Нейл стилист болып тырнақ жасау маған ұнамады. Жалақы да берілмеді. Қазіргі жұмысым қиын емес. Бастысы өзіме ұнайды. Жеке кәсібімді бастап, сән салонын  ашу ойымда бар. Бірақ әзірге оған жағдайым жоқ. Барлығы ақшаға тақалып тұр ”.

“Қазіргі жұмысымдағы адамдар өте қарапайым. Маған қарсы ешнәрсе айтпайды, қолдаулары жақсы”, — дейді Әсел Хусаинова.

Басына түскен қиын  жағдайды жеңіп шыққан арудың қасында  жанына жақын тартқан достары бар. Бізге азаматшаның аварияға түспей тұрып  тұрмыс құруды жоспарлағаны белігілі. Күйеужігіттің оған жасаған опасыздығы да есімізде.  Тойға екі апта қалғанда Әсел Хусаинованы тастап кетіп, құрбысына үйленген жігіттің әрекеті оған жанашырлық танытқан жақындарына да ауыр тиді. Осыған орай Әсел Хусаинова адамдарға, құрбысына қатысты өз пікірімен бөлісті. Қоғамдық жерлерде қандай қиындықтарға тап болатынын айтып берді:

“Қиналғанда жанымда 2-3 досым болған. Құдайға шүкір, олар қазір де қасымда. Шынымды  айтсам,  қатты қиналамын. Киноға, кафеге, саябаққа барсам, бәрі қарайды. Саусақтарымен көрсетіп “ойбай аяғы жоқ” дегенді естісем,  қатты жылаймын. Ал бұрынғы кұрбыммен ешқандай ара-қатынасым жоқ. Ол адам мен үшін жоқ”, — дейді ол.

Әсел Хусайнованың айтуы бойынша, қазіргі таңда мүгедек қызбен жүретін ер бала жоқ, ал қыздар керісінше зағип жан екеніне қарамай, жігіттермен жүре береді. Дегенмен ару әлі де болсын  бақытты болармын, өзімнің сынарымды табармын деп үміттенеді.

 

 

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар