Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар автомектептерде оқымай-ақ жүргізуші куәлігін ала алатын болды

Қазақстандықтарға автомектептерге бармай-ақ, сынақ тапсырып, жүргізуші куәлігін алатын мүмкіндік туды, – деп мәлімдеді ҚР ІІМ-нің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

rulem

«Мәселен, сіздер жол жүру ережелерін үйлеріңізде үйреніп, соңынан сынақ тапсырсаңыздар болады. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы көліктер бар. Онда сіздің әрекетіңізді бақылап отыратын бейнебақылау мен компьютерлік техника жұмыс істейді. Егер сіз ережені бұзбасаңыз, «А» не «В» деңгейіндегі жүргізуші куәлігін ала аласыз. Осылайша куәлікті автомектепке бармай-ақ алуға болады. Осы мәселе қазір қарастырылып жатыр. Сәуір айында бұл жайлы хабарлайтын боламыз», – деп мәлімдеді Ерлан Тұрғымбаев Астана қаласында БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде.

Сондай-ақ, ол жол жүру ережелерінің заң жобасы аясында жүргізуші куәлігінің уақыт мерзімі өтіп кеткен жағдайда жол жүру ережелеріне қатысты теориялық сынақ тапсыру мәселесінің қарастырылып жатқанын атап өтті.

Талқылау