Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар әдемі бейнежазба түсіру үшін қар барысын қуып үркітті (видео)

Іле Алатауы баурайында куәгерлер қар барысын таспаға басып алған. Бірақ, бейнежазба адамдардың ашуын туғызды. Көпшілігі сирек кездесетін жыртқышқа аяушылық танытқан.

8fe383eb649dc1b3a9db7d443517df0d

Қар барысы қалың қарды омбылай адамдардан үркіп қашқан. Бейнетаспаға түсірушілер жыртқышқа еш қорықпастан жақын бара алған. Барыс ешкімге шабуыл жасамай, керісінше ізіне түскендерден қашуға тырысады. Адамдар қууын тоқтатқан кезде, әбден қалжырап әрі қорқып қалған барыс баяу жүріске көшеді. Бұл көріністің немен аяқталғаны белгісіз. Зоолог мамандар әбден зорыққан аң өліп қалмады ма екен деп алаңдаушылық білдіруде. Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда барлығы қызыл кітапқа енген 130 қар барысы ғана қалған. Ал дүниежүзі бойынша олардың саны 6000.

Видео со страницы в Facebook Саулета Сакенова

Талқылау