Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 2017 жылдан бастап қанша зейнетақы алады

Қазақстанда алдағы жылы зейнетақы мөлшері артатыны белгілі болды. 2017 жылы Қазақстанда базалық зейнетақы көлемі артып, 12 мың 802 теңгені құрайды.

Пенсия-во-Франции

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Әлеуметтік жәрдемақы 7 пайызға көтеріледі. Зейнатақы орта есеппен 20 мың 167 теңгені құрайды», – деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет заң жобасын шолу жөніндегі жиында.

Оның айтуынша, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап барлық әлеуметтік жәрдемақылар 7 пайызға көтеріледі.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік даму концепциясын жүзеге асыру қолға алынады.

«Өзгертулер енгізу үшін қосымша шығындар есептелуде. 2018 жылға қарастырылып отырған базалық зейнетақы, асыраушыдан айырылған жағдайдағы жәрдемақылар – 63 млрд теңге, ал 2019 жылға 88 млрд теңгеге көзделіп отыр», – дейді вице-министр.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда сатушыны қарумен қорқытып дүкен тонағандар камераға түсіп қалған (видео)

Елімізде теракті жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды

Шымкентте түрме қызметкері қызды педофилден құтқарып қалды

Мұхамедиұлының студент қыздарға қырындайтынын Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр

Талқылау