Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне кіру құны 125 мың теңгеге дейін жетеді

10 маусымнан бастап www.tickets.expo2017astana.com сайтында ЭКСПО-2017-ге билеттерді онлайн-сату ашылған. Сатылым басталғанда ең арзан билет 4 мың теңге болатын.Сондай-ақ билеттерді кассаларда сату іске қосылған.

fb410b105c4d61c9ff3b41422ed56829_big
Қазақстан азаматтары үшін “Астана ЭКСПО-2017” көрмесіне кіру үшін туристік пакеттердің құны  40 мыңнан 125 теңгеге дейін құрайды, деп хабарлады “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ өрлеу және туризм департаментінің директоры Аллен Чайжүнісов.

10 маусымнан бастап www.tickets.expo2017astana.com сайтында ЭКСПО-2017-ге билеттерді онлайн-сату ашылған. Сатылым басталғанда ең арзан билет 4 мың теңге болатын.Сондай-ақ билеттерді кассаларда  сату іске қосылған.

“Мысалы, 20 адамға үш күнге топтық тур: экономпакет 40 мың теңгеден, стандарттық пакет 59 мың теңгеден, премиум-пакет 125 мың теңгеден басталады. Пакеттер біздің атсалысуымызбен тікелей туристік безнеске қатысушылармен құрылады”, — деді Чайжүнісов қоғамдық кеңес отырысында.

Осы соммаға  үш күндік тур кіреді,  онда тұру орны, тамақтану, трансферт, гид қызметтері және көрмеге бару қарастырылған. Бұл ретте авиакөлікпен, теміржол қатынасымен келуді таңдауға болады немесе келушілердің қалауына байланысты төлемге қонақ үйсіз билеттерді ғана кіргізуге болады.

Шетелден ЭКСПО-2017-ге  15% келушілер —  300 мыңнан 500 мыңға дейін шетелдік азаматтар келеді деп жоспарлануда. 2017 жылы көрмеге туристерді тарту мақсатында 37 мемлекетке — ЭЫДҰ елдеріне (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), сондай-ақ Малайзия, Сингапур және БАӘ-ге визасыз режим енгізілген.

Жіберіп алмаңыз:

ЭКСПО-2017-нің өз деңгейінде өтуі Астананың ауа-райына байланысты

ЭКСПО-2017 кезінде Астанаға әлемдік деңгейдегі танымал өнер жұлдыздары шақыртылмақ

Зейнетақы қорының 45 млрд теңгесін экспортты қаржыландыруға бөлу қарастырылуда

Талқылау