Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық үш кәсіби боксшы Extra Round 4 кешінде жеңіске жетті

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Extra Round 4 кәсіби бокс кешінде қазақстандық үш боксшы жеңіске жетті.

Бұл туралы sports.kz басылымы жазды.

Әбілхайыр Шегалиев аталған кеш аясында кәсіби рингтегі өзінің екінші айқасын өткізді. 69,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін алматылық спортшы омскілік қарсыласы Иван Ерховты төртінші раундта нокаутқа жіберді.

Мұнымен қатар, 25 жастағы Дәулет Дәукенов кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік Михаил Лесниковты жеңді. Кәсіби рингте алғаш рет бағын сынап көрген Рустам Сваев та жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Орта салмақта айқасқан қызылордалық боксшы төрт раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік Василий Поднебесныйды  ұтты.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин Forbes нұсқасы бойынша ең табысты боксшылар тізімінде үшінші орынға сырғыды

Опасыздық жасағанына өкінген Аршавин бұрынғы әйелімен қосылғысы келіп жүр

25 жастағы футболшы алаңда ойнап жүрген жерінде көз жұмды

Қарағанды тұрғыны “тәжіктер ұйымының” теракт жасамақ болып жатқанын мәлімдеді

Талқылау