Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық журналист Украинадағы психиатриялық клиникада жатыр

Киев тұрғыны Александра Монетова-Федорова сол жақта қиындыққа тап болған авқтөбелік әйел туралы айтып берді. Отандасымыз қараша айының басынан бері жергілікті психиатриялық клиникада жатыр екен.

Қазақстандық журналист Украинадағы психиатрлық клиникада жатыр

Александра бірнеше апта бұрын қала ортасында өзімен-өзі сөйлесіп жүрген әйелді байқаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Шетелдік екені көрініп тұрды. Десе де орыс тілінде жақсы сөйлейді. Ол көшеде түнеп жүрді. Одан сұрастыра бастағанымда, әлдекімді күтіп жүргенін білдім. Айтуынша, оған Ресейден ер адам келеді. Алайда ондай адам жоқ. Ол өзімен-өзі сөйлесіп жүрді. Істемей тұрған телефон аппаратына барып, сөйлеседі. Кейде дұрыс жауап беретін. Кейде жоқ. Оның бойында әлдененің дұрыс емес екендігі түсіндім», – дейді Александра Монетова-Федорова.

Александра анықтағандай, Байымбетова Лиана есімді 34 жастағы әйел Украинаға Қазақстаннан келген. Ол Ақтөбе облысы Ырғыз аулының тумасы екен. Соңғы уақыттарда аға-жеңгесімен бірге Ақтөбеде тұрыпты. 2007 жылы Ақтөбедегі мемлекеттік университетті бітірген.

«Ол Украинада табыс табуым керек деп ойлаған. Мүмкін бір дауыстар солай айтқан болар. Ол несиеге ақша алып, ұшаққа билет сатып алып, наурыз айында Украинаға келген. Оның үйсіз-күйсіз адам емес екені байқалады. Себебі көшеде бәрінен қорқады. Бізде күн өте суық. Сол жерге жедел жәрдем шақыртқаннан басқа амалымыз болған жоқ. Оны Павлов атындағы психиатриялық ауруханаға жатқызды», – дейді Киев тұрғыны.

Александраның айтуынша, ол Киевтегі мұсылмандар қауымына барып, көмек сұраған. Сонысен қатар «Я маю серце» (Менің жүрегім бар) ұйымының еріктілері де ақтөбелік әйелге көмектесіп жатыр екен. Александар мұсылман қауымы еріктілерімен бірге психиатриялық клиникаға барып, Лиананың жағдайын біліп жүр. Ол пациенттің туыстары табылады деп үміттенеді.

Ал ҚР сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ақтөбелік әйелдің мәселесімен Қазақстанның Киевтегі елшілік бөлімі айналысып жатыр.

«Қазіргі уақытта ол жергілікті психиатриялық клиникада ем алып жатыр. Оның әкесі хабардар болды. Ол Киевке көктемде турист ретінде кеткен. Ал қараша айының басында клиникаға түсті», – дейді ҚР СІМ-дегілер.

Лиананың әкесінің айтуынша, ол соңғы 3-4 ай көлемінде қызымен сөйлеспеген. Қызы Ақтөбеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан екен. Біраз уақыт газетте журналист болып жұмыс істеген.

«Оның психикалық денсаулығындағы қиындықтары туралы білмедім», – дейді әкесі.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Украинаға баратын мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау