Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздардың қандай жаман әдеттері бар?

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің жаман әдеттері туралы айтып берді. Бірі шақырған жерге кеш келсе, енді екіншілері күніне бір реттен артық тамақтанбайды екен.

16463890_139617189888455_5067309089923530752_n

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды.

“Құдайға шүкір, менде жаман әдет жетеді. Мен үнемі кешігіп жүремін. Ұшаққа да, пойызға да, концертке де кешігіп келемін. Мен келемін дегенше режиссерлердің бір-екі шашы ағарып кетіпті. Ерте тұрып, кеш қалу деген жақсы әдет емес”, – дейді Жұбаныш Жексенұлы.

Бейнебаянда үнемі жүрегі жараланып жүретін жұлдыз Дана Кентай бүгінде тамақтануды тоқтатқан. Өнер иесінің асқа деген тәбеті жоғалыпты. Әнші мұны жаман әдетке балап отыр.

“Менің жаман әдетім – уақтылы тамақтанбау. Таңертең ұйықтап қаламын. Сонымен, түскі және таңғы асым бір болады. Күніне бір рет тамақтанғанымның өзі – жақсы нәрсе. Салыстырмалы түрде алғанда басқа адамдар күніне 3 рет тамақтанады. Ал мен болсам, осылай әлсіреп жүрмін. Сол денсаулығыма әсер етіп жатыр. Оңтүстікке тұрмысқа шықсам, жағдайым қиын болайын деп тұр. Өйткені, анам да кішкентай кезімнен бастап “Сен қандай келін боласың? Біз еркелігіңе шыдаймыз. Ал барған жерің осыны көтере ме?” деп ұрысып отырады”, – дейді Дана Кентай.

Талай арудың арманына айналса да, жүрегі біреуін ғана қалаған Айқын Төлепберген ұмытшақ болып шықты.

“Менің ұмытшақтығым бар. Бір-екі рет көрген адамымды есте сақтай алмаймын. “Атырауда бірнеше жыл бұрын дастархандас болып едік қой. Мені танымадың ба? Атым Сәбит болады” деген сияқты айтып отырады. Сол кезде еске түсіре алмай қиналамын. Әсіресе, адамдардың есімін көп есте сақтай алмаймын”, – дейді Айқын Төлепберген.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова ауласындағы қарды неге өзі күрегенін түсіндірді

Баян Есентаева: Қыздармен жұмыс істеуден шаршадым

 Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Димаш пандалармен кездескен әлемдегі бірінші елші атанды (фото, видео)

Талқылау