Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар сайлауда дауыс берді

Қазақстанда бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттың кезекті сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға өнер жұлдыздары да қатысып, өз дауыстарын берді.

новый-коллаж5

Бұл туралы  Baistars.kz хабарлайды.

еееее

Атақты опера әншісі Майра Мұхаммедқызы дауыс беруге алғашқылардың бірі болып барды. Ол “Нұр Отан” партиясына дауыс бергенін жасырмай айтты.

Jzt_r-_fLyM-1024x1024

Халық әртісі Мақлап Жүнісова да сайлауға барып, халықпен суретке түсіп, көңілденіп қайтқанын айтты.

щщ

Олимпиада чемпионы Илья Ильин халықты дауыс беруге шақырды.

T0uBECY5Lxg

“Нұр Отан” партиясынан депутаттыққа үміткен Қайрат Нұртас та өз таңдауын жасады.

уу

Велошабандоз Александр Винокуров Еуропадан арнайы келіп, дауыс берді және Қазақстан халқын дауыс беруге шақырды.

ujnjCySIFa0

“Жігіттер” тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов саяси белсенділігін көрсетті.

Динара Сатжанның дауыс беруі дауға ұласты. Тележүргізуші “Нұр Отан” партиясын 2 жастағы қызы Диана белгілеп жатқан суретті салып, “Қызым өз таңдауын жасады” деп жазды. Көпшілік оның кішкентай екенін, дауыс бере алмайтынын айтып, Динараны сынады. Кейін тележүргізуші бұл суретті алып тастап, “Сіздер әзілді түсінбейді екенсіздер. Әрине, мен өз дауыс бердім” – деп жазды.

f0b3PHY_cXk-1024x1024

Бокстан Азия чемпионы Данияр Елеусінов те қалыс қалмай, өз дауысын берді.

Tedebwo7lyQ

Халық сүйіктісі Мейрамбек Бесбаев та белсенділік танытты.

wp3f33kS5RA

“Ringo” тобының әншісі Аян Бірбаев “Ұлымның, елімнің болашағы үшін дауыс бердім” деп жазды Инстаграм парақшасына.

з

“Азия” тобының әншісі Ренат Басит те “Нұр Отан” партиясын таңдайтынын жазды.

Айта кетейік, Астана уақытымен таңғы 7.00-де басталған сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: “Нұр Отан”, “Ақ Жол” Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және “Бірлік” партиясы.

Кампания аясында төменгі палатадан 107 депутат таңдалады, оның ішінде 98-і партия тізімі бойынша да, тағы тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясынан.

Сайлауды Орталық сайлау комиссиясы, 224 аймақтық және 9 840 учаскелік сайлау комиссиясы, оның ішінде 65-і шет елдерде дайындап, өткізіп жатыр.

Сайлау күні ОСК әр екі сағат сайын сайлаушылардың қатысуы жайлы мәліметті жария етіп отырады. Ал сағат 00.00-де қанша адамның дауыс бергені жайлы алдын ала мәлімет жария етіледі.

Талқылау