Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жігіт әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне кірді

Қазақстандық Димаш Әділет жоғары білікті адамдарды жинайтын халықаралық Mensa ұйымының мүшесі болды.

photo_181678_0

«Осыдан бір ай бұрын мен алғаш рет стандартты IQ-тестін тапсырған едім. Жақында соның нәтижесін алдым. Енді сол қуанышымды сіздермен бөліспекшімін. Көрсеткіш нәтижесі бойынша мені 99 пайызбен  Мensa International ұйымына шақыртты», – деп жазады Димаш өзінің  Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, ұйымда өзінен басқа қазақстан азаматы жоқ екен.

«Мен осы ұйымда ел абыройын қорғайтыныма қуаныштымын. Сондықтан біліктіліктің дамуының үлес қосқым келеді», – дейді ол.

Mensa International – жоғары білікті адамдардың басын қосатын ірі ұйым. Ол 1946 жылдан бері қызмет етеді. Ұйымға кіру үшін IQ тестін жоғары көрсеткішпен тапсыру керек. Тест арнайы адамдардың бақылауымен өтеді. Ұйымның мақсаты – адамзаттың пайдасына тиетін адам біліктілігін арттыру, табиғатты зерттеу, дарынды балаларға қажетті жағдай жасау.

Талқылау