Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жастардың дені отанын шет елге алмастыра алмайтын болып шықты

Қазақстандық жастардың дені мемлекет ішінде көшіп жүруге келіскенімен, отанан шет елге алмастыра алмайтын болып шықты.

Қазақстандық жастардың дені отанын шет елге алмасытра алмайтын болып шықты

Бұл туралы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының зерттеуіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зерттеу барысында жастар арасында көші-қон жөнінде сауалнама жүргізілген. Жаңа зерттеу мәліметтеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан жастардың 63,7 пайызы шет елде жақсы өмір сүру үшін Қазақстаннан өмір бойына кетуге дайын емес. Қатысушылардың тек 8,7 пайызы тұрғылықты орнын ауыстырып, отанынан кетуге дайын екенін білдірген.

Жастардың шет елге көшуінің негізгі себебі ретінде өзінің әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсаты аталды.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқан жастардың 15,2 пайызы Қазақстан аумағында тұрғылықты орнын ауыстырғысы келеді екен. Олардың 6,2 пайызы өз облысында қалуды қаласа, 9 пайызы Қазақстанның өзге өңіріне көшуге ниетті.

Айта кетсек, Қазақстандық жастар көбіне ТМД мемлекеттеріне көшеді екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау