Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзілкештер “Аршавин ойындағы емес банктегі есебіне алаңдайы” деп әндетті (видео)

Қазақстандық әзілкеш жігіттер биыл “Қайрат” сапына ауысып келіп, әлі көрнекті ойынымен көзге түсе қоймаған футбол жұлдызы Аршавинге арнап ән орындап берді.

мв

“Аршавиным-ау” деп аталатын музыкалық нөмірді Нұрсұлтан Зайкенов, Дидар Жексеков және Нұрмұхан Мұқанұлы орындаған. Хитқа айналған “Ханшайымым” әнінің әуенімен орындалған ән сөздерінде “Арсенал” мен “Зенит” сапында әлемді таңқалдырған футболшының, Қазақстанға тек ақша үшін келгені, “Қайрат” қатарында дұрыс ойнамай жүргені” айтылады.

“Сені матчтағы есеп емес, банктегі есеп қызықтырады” – дейді жастар.

26 ақпанда Қазақстанға ұшып келген Аршавин, бір айдан соң “Қайратпен” келісім-шартқа қол қойған болатын. 34 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы соңғы рет “Кубань” сапында доп тепкен.

Аршавин алматылық клуб қатарында 28-ші нөмірмен ойнап жүр. Жанкүйерлердің де ойы ресейлік футболшы жөнінде екіге жарылған. Бірқатары мұндай футболшының ел чемпионатына келуі дұрыс десе, бірі “Қайратқа” еш пайдасын тигізе алмайды дейді. “Ақтөбеге” қарсы ойында Ресей құрамасының бұрынғы капитаны Қазақстандағы алғашқы голын соққан.

Талқылау