Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас футболшылар “Гранаткин Мемориалында” айды аспанға шығарды (видео)

19 жасқа дейінгі футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалының финалында Ресей құрамасынан жеңіліп, күміс жүлде иеленді.

5883aad1a50d1

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Ойынның 27-минутында Никита Поляков есеп ашып, ресейліктерді алға шығарған. Матч соңына дейін осы есеп өзгеріссіз қалды.

Қазақстан құрамасы екінші таймда белсенді ойын өрнегін көрсетіп, бірнеше мәрте қауіпті сәттер жасай алды. Алайда бірқатар шабуылдарды голға айналдыра алмады.

Үшінші орын үшін болған тартыста Санкт-Петербург құрамасы Грекия құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

Жалпы, Александр Кузнецов баптайтын Қазақстан құрамасының бұл жарыста топтық кезеңнен шығуының өзі үлкен ерлік саналған. Ол ерлікті жасап біздің жігіттер топтық турнирден шыға алды. Ал одан соң азуын айға білеген Словения, Грекия сынды құрамаларды да қапы қалдырып, финалға жолдама алған.

Турнир қорытындысы бойынша футбол мамандары “Турнирдің үздік шабуылшысы” номинациясын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметке берді. Ал, “Турнирдің үздік жартылай қорғаушысы” атағын Айдос Орал алды.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Талқылау