Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жанкүйерлер Альвареске “Саулешка” деген лақап ат берді

Қазақстандық жанкүйерлер 19 мамыр күні WBC белдігінен бас тартып, Головкинге сыйлаған мексикалық Сауль (Канело) Альвареске лақап ат қойып үлгерді.

img

Сурет prosportkz.kz

Бұл туралы мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев Твиттердегі парақшасында жария еткен.

бьти

“Сауль Альварес Головкинге қарсы кездесу өткізуден бас тартқаннан кейін қазақстандық жанкүйерлер тарапынан “Саулешка” деген атқа ие болды!”, – деп жазды мәжіліс депутаты.

Еске сала кетсек, WBC белдігінен бас тартқан Альварестің әрекеті спорт мамандары мен жанкүйерлер тарапынан да қатаң сын мен әжуа күлкіге себеп болған еді. Ол британиялық Әмір Ханды жеңгеннен кейін міндетті түрде Головкинмен кездесуі тиіс болған. Алайда әзірге қос боксшының жақын арада кездесе қоюы екіталай.

Талқылау