Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер азаматтарға ұстанымына байланысты ағзасын сақтандырудың жолын түсіндірді

Қазақстандық заңгер Абзал Құспанов Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Заңына сәйкес, қайтыс болған адамның ағзасын дәрігерлер туыстарының рұқсатынсыз алуға құқылы екенін айтты. Мұнымен қатар, тұрғындарға тіркелген емханасына барып, ағзасын алдын ала сақтандырып қоя алатынын ескертті.

xorig-1496585009511c415ce2d2f69d47e77ccf9a23f404.jpeg.pagespeed.ic.v0Rlr-kOVc

Күні кеше дәрігерлер 22 жастағы жігіттің ішкі ағзасын, атап айтқанда қос  бүйрегін  өзге науқасқа салып жұртты шулатқан болатын. Алайда заңгер Абзал Құспанов осы тұста дәрігерлердің қайтыс болған адамның ағзасын ешкімнің рұқсатынсыз кесіп алуға құқылы екенін айтып жатыр. Бірақ, бұл қайтыс болған адам көзі тірісінде ағзасын сақтандыратын құжат жасамаған жағдайда ғана жүзеге асады. Заңгердің айтуынша, мұның барлығы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінде нақтыланып жазылған.

“169-баптың 10-тармағына сәйкес, өзі тіркеуде тұрған медициналық ұйымды ескертпеген болса, дәрігерлер қайтыс болған адамның кез келген мүшесін ешкімнің рұқсатынсыз алуға құқылы. Заң бойынша, адам өзі тіркелген медициналық ұйымына хабарлама беруі керек. Мұнымен қатар, қайтыс болған адамның туған-туыстары дәрігерлерді алдын ала тиісті құжаттардың жасалып қойғаны туралы ескертіп, дене мүшесін кесіп алуға тыйым салуы тиіс (әрине егер марқұм көзі тірісінде ағзасын біреуге беруге қарсы болса) . Заңда дәрігерлерге қатысты белгілі бір міндеттемелер жоқ. Сол себепті, олар қайтыс болған адамның ағзасын рұқсатсыз алса да, заң алдында жауап бермейді. Осы тұста база немесе картотека жасап қойса дұрыс болатын еді”, – дейді ол.

құспанов

Аталған құжатты өзіңіз тіркелген емханадан жасата аласыз. Елімізде қосымша уақытша тіркеу де енгізілгендіктен, халықтың көп бөлігі міндетті түрде тіркелген. Яғни бұл мәселеге қатысты қиындық тумайды.

“Ал мұндай құжатты өзіңіз медициналық тіркеуде тұрған емханаға   барып жасатасыз. Адам өзінің үйінде болсын, пәтер жалдап тұрсын, міндетті түрде тіркеуге тұратыны анық. Сол себепті, оған байланысты аса бас қатырудың қажеті жоқ және ағзасын сақтандыруға қатысты құжаттарды реттегенде еш ақша төлемейді”, – дейді заңгер  Абзал Құспанов Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Осы уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов Үкiмет отырысынан кейiн журналистерге берген сұхбатында қайтыс болған адамның ағзасын туыстарының келiсiмiнсiз алуға рұқсат ететiн норманы қолдайтынын айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда дүлей дауылдан жаңа үйдің шатыры ұшып, көліктер зақымданған

Қарағандыда пірәндік жеген 2 жасар баланың тамағына әйнек сынығы түсіп кеткен

Оралда лаңкестік шабуыл жасауды көздеген 8 адам сотталды

Атырауда жоғалған қызды көршісі зорлап өлтіріп, кейін денесін суға ағызып жіберген

Талқылау