Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық велосипедші екіаяқты көлігімен 7 елдің аумағынан өткен

Қазақстандық велосипедші Талғат Жұмабеков 7 мың шақырымдық велосаяхатынан оралды. Спортшы сапар барысында басынан өткен қиындықтар мен қызықтар туралы айтып берді.

Безымянный

Сурет: alkatrion.com 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақстан қалаларынан бөлек Ресей, Дағыстан, Грузия, Түркия тағы басқа 7 мемлекеттің территориясынан өттім. Жол бойы болашақта қажет болатын деректі фильмге видеоматериал жинадым. Каирден Меккеге барам деп ем, оған виза берілмеген соң ол жоспарым орындалмады», – деді Талғат Жұмабеков.

Қара жолда саяхатшы палаткада ұйықтауға мәжбүр болған. Кейде мейірбан адамдар үйіне де қондырған.

Биыл велошабандоз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай төрткүл дүниені аралап шықпақ. Ол өзінің жаңа сапарында мұсылмандардың қасиетті жерлерін өз көзімен көруді жоспарлап отыр.

Талқылау