Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ҰҚҚ сирек кездесетін заттарды сатушылардан Пабло Пикасоның картинасын тапты

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі сирек кездесетін заттарды сатушылардан әйгілі суретші Пабло Пикасоның картинасын  тапты, деп хабарлайды ҰҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық ҰҚҚ сирек кездесетін заттарды сатушылардан Пабло Пикасоның картинасын тапты

Сурет: Көрнекі сурет

14 маусымда ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы МКД Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, жеке басын байыту мақсатында антиквариат заттарының айналымымен айналысқан адамдар тобын ұстауды жүзеге асырды.

Сирек кездесетін заттарды сатумен айналысатындардан алынған заттардың алдын ала бөлшек сауда құны 2 миллиартан астам теңгені құрайды.

«Алынған заттар қатарында жалпы құны 261 миллон теңге болатын 367 шығыс қолжазбасы (ХІ – ХІХ ғ.ғ.) мен литографикалық (ХVІІІ ғ. – ХХ ғ. басы) кітаптар бар. Сонымен қатар құны 1, 5 миллиард теңгеден асатын Пабло Пикассоның картинасы, қылыштар, мылтықтар, картиналар, вазалар мен басқа да мәдени-тарихи құндылықтар алынған.

«Осы факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 2-бөлімімен (Экономикалық контрабанда) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінеді хабарламада.

Алынған заттардың тарихи құндылығын нақтылау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау