Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық туристер Еуропаға барудан бас тартуда

Қазақстандық туристер жаппай Еуропаға барғысы келмейтінін білдіруде. Себебі, демалушылар соңғы сәтте билеттерін өткізіп немесе басқа бағытқа ауыстырып жатыр, – деп хабарлайды 31 канал.

50

Мамандардың айтуынша, соңғы кезде Жаңа жыл мен Рождество мерекесін Еуропа елдерінде қарсы алу үрдісі өзектілігін жоғалтқан.

“Қазір туристердің көпшілігі бронды өткізіп не болмаса басқа бағытқа ауыстырып жатыр. Әрине, олардың лаңкестік шабуылдың ортасына түсіп қалу қаупі бар. Сондықтан Таяу Шығыстағы: Түркия, Сирия, Мысыр, Израиль елдеріне бамаған жөн”, – дейді туристік фирманың директоры Айгүл Ерғазиева.

Айтуынша, Тайланд, Малайзия, Вьетнам, Шри-Ланка тыныш елдің қатарына кіреді. Бірақ қайда барса да қонақүйді күзеті жақсы орталықтан алған жөн. Және адам көп жерге, концертке, мұражайға, стадионға , бармау керектігін айтты. Тіпті, интернетте туристер үшін террорлық қауіп төнгенде не істеу керектігі жазылған нұсқаулық бар. Соған қарауға кеңес берді.

Талқылау