Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық трансвеститтер туралы видео жұртты шошытты

 WhatsApp мессенджері арқылы “қолдан-қолға” тарап жатқан қазақстандық трансвеститтер туралы бейнеролик жұртты шошыты. қазір бұл жайттың рас өтірігін Қарағанды полициясы тексеріп жатыр. Видеодан оқиғаның осы өңірде болғанын, ал қыздарша киінген жігіттердің Қостанай,Астана, Павлодар тұрғындары екенін түсінуге болады.

гей

Қыздарша киінген жігіттер өздерін тергеген азаматқа Қарағандыға қыдырып келгендерін айтады. Олардың ішінде жезөкшелік бойынша арнайы тіркеуде тұрғандары да бар екен. Әрі  бұл төртеу кәсіптері жезөкшелік екенін де жасырмайды.

Қарағанды облыстық ІІД өкілдері болса орын алған осынау жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатқандарын айтты.

“Біздің қызметкерлер мұндай жас азаматтарды ұстамаған. Видеоны қазір тексеріп жатырмыз. Қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда хабарлайтын боламыз”, – дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

 

Талқылау