Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық төлқұжат әлемде қаншалықты бағаланады

Халықаралық Henley & Partners консалтингті компаниясы дайындаған әлемдік рейтинг бойынша Қазақстан азаматтығы тізімде 83-орынға шықты. Бұл туралы «Комерсанть» хабарлайды.

гражданство

Қазақстан бір сатыға Белоруссиядан қалып қойды. Алайда, Әзірбажан мен Қырғызстаннан озып кетті.

Зерттеу авторлары мүмкіндік спектрін зерттей келе төлқұжатты «ең жоғарғы» және «төменгі» 4 категория бойынша анықтады.

Негізгі критерилердің бірі – мемлекеттің визасыз шыға алатын шетелдер саны болды.

Нәтижесінде неміс азаматтығы ең үздік деп танылды. Германия индекстер тізіміні көш бастап тұр. Неміс елі соңғы бес жылдан бері рейтингте бірінші орында келеді.

Германиядан кейін тізімді Солтүстік Европа өкілдері – Дания, Финляндия, Норвегия, Швеция мен Исландия елдері жалғастырады. Алтыншы орынға Австрия мен Ирландия шықса, ондыққа Франци, Швейцария, Нидерланды мен Бельгия елдері кірді.

АҚШ Европа елдерінен кейін 29 орында тұр.

Индекс тізімінің соңына әскери әрекеттер орын алған елдер енді. Олар Сирия, Пәкістан, Эфиопия, Чад, Бурунди, Судан, Эритрея, Орталық Африка Республикасы, Ауғанстан мен Конго демократиялық республикасы. Бұл тізімнен сәл жоғарыда Ирак пен Йемен тұр. Тізімнің соңғы орнына Конго демократиялық республикасы шыққан. Зерттеу бойынша бұл елде жаңа туған сәбидің 5 жасына дейін өмір сүру мүмкіндігі Жапония және Финляндиямен салыстырғанда 50 есег аз. Елді тастап кетуге де тыйым салынған.

Жіберіп алмаңыз:

ЖСН нөмірі жоқ ескі төлқұжатқа ие қазақстандықтар шетелге шыға алмайтын болды

Талқылау