Қазақстандық тележурналист Ләйлә Бабаева қайтыс болды
Алматыда бүгін ауыр дерттен қазақстандық тележурналист Ләйлә Бабаева қайтыс болды.
Сурет: facebook.com
Марқұмның туыстарының хабарлауынша, Ләйлә соңғы бірнеше жыл бойы өкпе обырынан зардап шеккен.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 24 маусым күні өткізіледі.
Ләйлә Бабаева 1964 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, КИМЭП университетін тәмамдаған. Әр жылдары «Қазақстан», «Алматы» және «31 арна» телеарналарында еңбек еткен. Күйеуі белгілі журналист Абзал Әбенов осыдан 5 жыл бұрын қайтыс болған.
Марқұмның соңында үш баласы қалды.
Талқылау