Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық тележүргізушінің жаңылтпаш оқыған сәті америкалықтарды таңғалдырды (видео)

Жаңалықтар жүргізушісі, белгілі журналист Ерқанат Көпжасардың эфир алдында жаттығу жасап, жаңылтпаш оқыған видеосы америкалықтардың назарын аударды. Reddit сайтының оқырмандары қазақ тілінің ерекшелігіне назар аударды, деп жазады Stan.kz.

Ерқанат Көпжасар

Кей оқырмандар қазақ тілін түсінбесе де, тележүргізушінің эфир алдында жаттығып отырғанын болжаған.
“Ол жаттығу жасап отырған сияқты”, – дейді америкалық оқырмандардың бірі видеоға жазған пікірінде.

“Артында тұрған теледидардан ешнәрсе көрсетіп жатқан жоқ. Соған қарағанда сіздікі рас”, – деп қоштады екіншісі.

“Бізге осы тілді білетін адам керек”, – деп қызықты тағы бір оқырман.

Айта кетейік, Ерқанат Көпжасардың аталған видеосы америкалық сайтта 100 мыңнан аса қаралым жинап, қызу талқыға түскен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр