Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық телеарна қырғыз тілінде де хабар тарататын болды

Қазақстанның Ұлттық спутниктік телеарнасы қырғыз тілінде хабар тарата бастайды.

545

“Жобамен осы жылдың қазан айынан бастап “Хабар” агенттігі құрамындағы қазақ телеарналарының бірі – Kazakh TV қырғыз тілінде хабар таратады”, – деп жазды ҚТРК бас директоры Ілім Қарыпбеков Фейсбуктегі парақшасында.

Kazakh TV – еліміздегі алғашқы ұлттық жер серіктік телеарнасы. Ол 2002 жылы өз қызметін Caspionet болып бастаған, кейін 2012 жылы атауы өзгертілді.

“Бұл жақсы жаңалықты маған арнаның директоры Андрей Юрьевич Тараков айтты. Қазір телеарна қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар таратады”, – деп жазды Қарыпбеков.

Талқылау