Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тауарлар москвалықтар арасында танымал бола бастады

Ресейге енгізілген санкция Қазақстанның азық-түлік өнімдері бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Бұл жөнінде Мәскеу сауда және қызмет департаментінің басшысы Алексей Немерюк «Вечерняя Москва» басылымына берген сұхбатында айтқан.

алексе

Қазақстаннан Ресей астанасына биыл 20 мың тонна азық жеткізілген екен. Олардың арасында көкөніс, жеміс, бидай, ұн, кондитер өнімдері мен макарон, ет, шұжық, құс еті мен балық, сондай-ақ түрлі консервіленген тағамдар бар. Алексей Немерюк Қазақстанның облыстарымен азық-түлік тасымалы жөнінде келісім жасалғанын айтады. Мәскеулік делегация Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкент қалаларында болып, тиісті құжаттарға қол қойылған. Ресей астанасы жыл сайын 12 миллион тоннадай азық-түлік тұтынады. Шенеуніктің айтуынша, Мәскеу мен Қазақстан арасында азық тасымалына қатысты келісімдер жалғаса бермек.

Талқылау