Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал жұлдыздар жаңа жылдық демалыстарын қайда өткізді

Қазақтандық жұлдыздар жаңа жылдық түсірілімдер мен концерттерден кейін ұзақ уақытқа демалысқа шықты. БАӘ, Тайландта, Бурабайда демалып жатқан жұлдыздар жайлы айтып өтпекпіз.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

bayan-esentaeva-tayland4

bayan

Баян Есентаева

Жаңа жылдың ертесіне танымал продюсер өзінің кіші қызы Айарумен бірге Тайландқа сапар шекті. «Мұнда өте әдемі. Біздің көптен күткен демалысымыз басталды», – деп жазады Баян.  Дәл осы елде продюсер өзінің 42 жасқа толған туған күнін өткізді.

dinara-sultan-dubai4

dinara-sultan-dubai-22

Динара Сұлтан

БАӘ – қысқы демалысты өткізу үшін ең керемет жер. Соған орай, әнші Динара Сұлтан 2016 жылды Дубайда қарсы алды.

sanzhar-madiev

sanzhar-madiev-dubai3

Санжар Мәдиев

Санжар мен жұбайы Мөлдір жаңа мешін жылын Эмиратта күн көзінде демалып жүріп қарсы алды.

ZHanar-Dugalova-turciya-2

ZHanar-Dugalova-turciya

Жанар Дұғалова

Жаңа жылға бірер күн қалғанда әнші Түркияға сапар шекті. Бірақ, бұл жолы Жанар демалу үшін емес, Turkvision-2015 байқауына қатысқан Орда тобын қолдау үшін аттанды. Айта кетейік, Қазақстан байқауда екінші орынды иеленді.

kaliya-moskva

kaliya-moskva-2

Қалия

Әнші Жаңа жылды Мәскеуде қарсы алды. «2016 жылдың 1 аңтары. 15 миллион халқы бар қала қаңырап тұр. Қаласаң, бос көшелермен қыдыр. Көлікпен жүр. Тіпті, әрдайым бос болмайтын атақты мйрамханада жағыз отыруға да болады», – дп жазады Қалия.

ms

 

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина демалысын Қазақстанның Швейцариясы атанған Бурабайда өткізді. Әнші мұндағы демалысын жақсы өткізген секілді. Ол ұлы екеуі шанамен ойнап, шаңғы теуіп, бұғымен суретке түскен.

nurtas-i-aykyn

Айкын и Кайрат Нуртас

Айкын Төлепберген мен Қайрат Нұртас та жаға жылдық демалысын Бурабайда өткізді. Олар көңілді орта болып Оқжетпес санаториялық орталығында демалды.

okzhetpes

Талқылау