Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал шоумен салық төлемегені үшін айыпталуда

Алматыда салық органдарының қызметкерлерімен салтанатты шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың тіркеуден өткен, өтпегені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды қалалық МТД-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жантемір Баймұхамедов

Салық органдары ірі мейрамханаларда жүргізген шаралар барысында асаба, видеооператор, фотограф, биші және салтанатты шараның басқа да қатысшуларының арасында салық органдарында тиісті тіркеуден өтпеген тұлғалар анықталды.

«Соңғы демалыс күндерінің өзінде осындай қызметтерді көрсетіп жүрген 8 тұлғаның салық төлемегені анықталды. Тіркеусіз жұмыс істеп жүрген танымал шоумендердің арасында Жантемір Баймұхамедов (Жантик) бар. Қазіргі уақытта салық органдарының мамандарымен қаладағы барлық мейрамхана мен дәмханада түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заң бұзған тұлғаларға қатысты тексеру шаралары жүргізілетін болады», – дейді Алматы бойынша МТД басшысының орынбасары Қанат Балтабеков.

Сонымен қатар салық органдары мерекелік шараларды салық тіркеуінсіз және салық төлемей жүрген тұлғаларды анықтау үшін, chesnok.kz ақпарат порталы мен ToiDriver.kz мобильдік қосымшасын тексеруде.

Өз кезегінде Алматы МТД той ұйымдастырушылары мен артистерді адал жұмыс істеуге және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге шақырды. Ал ол үшін тек жеке куәлік қана қажет.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау