Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық суретші 20 жылдан бері қыста жалаңаяқ жүріп жұртты таңғалдырды

Танымал суретші Абай Әбішев қыста жалаңаяқ жүргенді ұнатады. Оның суық қар үстімен жалаңяқ жүруіне ауруы себепші болған екен.

ма

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Жастайынан қыл қаламды өзіне серік етіп жүрген Абай Әбішевтің көптеген шығармалары бар. Оның “Ақсақ киік”, “Ғарыш ғаламаты”, “Танкистер”, “Жекпе-жек” секілді туындылары өзіндік нақышымен ерекшеленеді. 20 жылдан астам уақыт болды өзі суықты қажет етіп тұрады. Суық ауа райына шыдамды. Жылы мезгілге аса шыдай бермейді. Жазда көлеңке жер іздейді”, – дейді Әбішевтің әйелі Күнқияш Мырзағұлова.

Абайдың тағы бір ерекшелігі ол қыстың қақаған аязында жалаңаяқ жүре береді. Бұған дейін ұзақ жыл бойы тамағы жиі ауырған. Тіпті әлсіреп, төсек тартып қалған кездері де болған. Алайда жалаңаяқ қар кешкеннен бастап, тамақ ауруынан құлан-таза айығып кеткен. Тіпті тұмау да тимейді екен.

фя

“Студияға жалаңаяқ келуіме болатын еді. Үйдегілер “Ұят болады” деп жібермеді. Бозбала күнімнен бастап тамағым ауыра бастады. Үнемі салқын су ішкім келіп тұратын болды. Артынша қанша суық су ішсем де, шөлім қанбайтын бір әдет шықты. Өзім өте кітапқұмар жан болып өстім. Бір күні кітаптан “Адам суыққа шыдаса, көптеген аурудан айығады” деген сөздерді оқып қалдым. Осы кеңесті басшылыққа алып, жалаңаяқ жүре бастадым. Келіншегім айтып өткендей, алғаш 20 жыл бұрын жалаңаяқ жүре бастадым. Ешқандай да қиындығы жоқ. Мұны кез келген адам істей алады. Бірақ, гигиена тұрғысынан қарасаң, үнемі жалаңаяқ жүре беруге болмайды. Оның үстіне көшені басып келіп, үйде еркін жүре алмайсың. Бірақ жүруге болады. Бұдан кейін тамағым анда-санда ғана ауыратын болды. Суық су ішкенде, шөлім қанатындай дәрежеге жеттім”, – дейді Абай мырза.

Бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбек студия қонағының сөзімен келіспейтінін жеткізді. Яғни қыста кез келген адамның жалаңаяқ жүре алмайтынын тілге тиек етті әрі балаларға ескерту жасады.


Жіберіп алмаңыз:

Мүгедек қария саусақтарының орнына сым байлап күй тартты (фото)

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты

Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады

Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді

Талқылау