Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулық салонынан бас тартып, 3 жылда үй алуға болады. Арулар сұлулығын сақтау үшін қанша жұмсайды

Бүгінде мектеп жасындағы қыздардан бастап зейнеттекі аналарымызға дейін сәннен қалмай шашы мен қасын, тырнағы мен кірпігін соңғы үлгіде жасатып жатады.

Әрине мұның еш әбестігі жоқ. Дегенмен  сән салондарына бара қалсаңыз, бір шашты жасатудың бағасы орташа отбасының бір айлық негізгі азығының шығынына тең.

Осы орайда Stan.kz  тілшісі жас айырмашылығы мен табыс көзі әртүрлі сылқымдардың айына қанша ақшасын сұлулыққа жұмсайтынын өздерінен сұрап көрген еді.

Гүлдана Қазтайдың жасы 19-да. Бүгінде Университет студенті. Грантпен оқуға түскендіктен шәкіртақысы да бар. Гүлдананың мына шаш үлгісінің бағасы 22 мың теңге болған. Әрине студент қыз өз ақшасын үнемдеу үшін бірнеше мастерлерден кеңес алып, арнайы жеңілдік болатын уақытты да біраз күткен. Сондықтан бағасы осылай «арзандау» болған.

«Осындай шаш үлгісін бірнеше уақыттан бері ғаламтордан көріп ұнатып жүрдім. Өзіме жасату үшін әрине мамандардан тегін кеңес алдым. Арнайы жеңілдік уақытын тосып 5 ай бойы 5000 теңгеден жинап отырдым. Нәтижесі көңілімнен шықты. Айына  шәкіртақы мен қосымша табысымды қосқанда 40 мың теңге табысым бар.

Оның 20 мың теңгесін тағы да жеңілдіктер арқылы киім алуға жұмсаймын. Қалғанын сұлулығыма саламын. Мысалы тырнағым мен кірпігімді екі айда бір рет жасатамын. Оны да әрине жеңілдік болған кездерде 6 мың теңге шамасында жасатамын»,-дейді Гүлдана.

Студенттерге ата-анасы азық-түлік бойынша, қымбат қыстық киімдерде қаржылай көмектесетіні анық. Қыздар әсіресе сәнді көріну үшін барынша өз әрекетін жасайтыны да түсінікті. 19 жастағы Гүлданаға құрбылары мен туыстары осы шаш үлгісі өте жарасымды екенін жиі айтады екен. Әрі үнемі тырнағы мен кірпігі әдемі көрінгендіктен көпшілік оны айына бар ақшасын сұлулыққа салады деп ойлаған кездері де болыпты.

«Мен сәнді киінгенді жақсы көремін. Шәкіртақым 15мың теңге. Бірақ ата-анам қосымша ақша салып отырады. Бұл ақшаларға өзіме жарасатын түрлі киімдер аламын. Себебі қыздар әрдайым сұлу болып жүруі керек. Өзіме жарасатын киімдер арқылы өзімді жайлы сезінемін»,-дейді Аяжан Бақытбекқызы.

«Сымбат» сән академиясының студенті 16 жастағы Аяжан Бақытбекқызы  шашын 1-2 рет үй жағдайында өзі  бояған. Оқу орнына келіп, тәжірибе жинақтаушы әріптестерінің ұсынысымен шашын сары түске бояған.

Өзіне бұл түс ұнағанын айтады. Дегенмен аздаған уақыттан кейін шашын көк түске ауыстырған. Бұл шаш түсі арқылы өзінің кумирі , әнші Зирузаға ұқсағысы келетінін айтты.

Қазір Зируза екеуінің шаш үлгісі бірдей. Алғашында тәжірибелік жұмыс үшін тегін жасатқан. Кейін көк бояуға үй жағдайында бояп отыруды өзі жасайтындай үйреніп алған.  Осы мамандықта білім алғандықтан, алдағы уақытта салон ашу ойында бар. Аяжан кейінгі шаш үлгісін күлгін түске ауыстырғысы келеді.

«Ай сайын салонға барып қасыма коррекция, той-жиындарға барғанда міндетті түрде маникюр жасатамын. Жасым үлкен болса да, өзімді күтіп, салондарға жиі баруға тырысамын»,-дейді 55 жастағы Ақтөбе қаласыныңы тұрғыны Клара  Қалмағанбетова.

Клара Қалмағанбетова  айыны 90 мың табыс табады. Шашына ақ түсуіне байланысты, ай сайын боятуға тура келеді.  Ол үнемі бір салонның қызметін алып тұрады, себебі онда тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер де бар.

Клара ханым айына шашын боятуға 13 мың теңгеге жұмсайды екен. Клара апай ауылдық жерде тұрғандықтан, шашын бояту үшін арнайы қалаға келеді. Сонымен қатар, қара түстен басқа түстерге бояғанды жөн көреді. Оған заманауи шаш үлгісін жасатқан ұнайды. Қазіргі шашы сарғыш түсті.

«Мен әрдайым сәнді жүруге тырысамын. Сол үшін салонға 20 күн сайын барамын. Тырнақтарым үшін маникюрге 6 мың, педикюрге 4 мың, ал кірпігіме 5 мың теңге жұмсаймын. Апта сайын гардеробымды бір киіммен толықтырамын. Жалпы табысым айына 100 мың. Әдемі болып жүру үшін жұмсаған ақшаларыма өкінбеймін»,-дейді 20 жастағы Назерке есімді «Қалаулым» бағдарламасының бұрыңғы қатысушысы.

Назерке де студент. Ақысыз бөлімде оқиды. Шәкіртақысы 24 мың. Қосымша табыс көзі бар. Бір қызығы “Қалаулым” жобасынан шыққан кейін көп ұзамай шашының түсін ауыстырған. Оның айтуынша өміріне өзгерістер енгізу үшін 2 күнде шешім қабылдаған.

Алматы қаласында алғаш рет  “балаяж” үлгісінде бояған. Бағасы 45 мың. Мастер алғаш бояғанда жасанды түсті қабылдамайтынын, екінші мәрте келетінін ескертткен. Расымен де шашының түсін өзгертуі, өмірінің де жақсы жағына өзгеруіне себепші болыпты.

Әйелдің негізгі міндеті – әдемі болып жүру деген ханымдар табыс көзіне қарамастан табиғи сұлулыққа үнемі күтім қажет болады деген пікірде. Әрине жұлдыздар мен қалталы азаматтар өз сұлулығын сақтап, әдемі көріну үшін пластикалық оталардың да сан түрін жасатып жатады.

Ел алдында жүрген ханымдар мен сұлулар көп жағдайда мұндай күтімдерді тегін жасататын болып шықты. Себебі олар өзіне қызмет көрсеткен салонды жарнамалайды. Түсірілім болатын болса телеарна немесе бағдарлама есебінен арнайы визажисттің қызметін алады.

Ал әнші Индира Расылхан шешын тек қоңыр мен қара түстерге ғана өзгертеді. Косметолог көмегіне де аса көп жүгінебермейді екен.

“Мен шаш күтімі үшін жақсы сусабын таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Сосын құрамы табиғи заттардан тұратын масқалар қолдану керек. Ол үшін айына 10 мың теңге жұмсаймын. Әйелдер косметологқа жиі барғаны дұрыс шығар. Мен өзім корей косметикасын қолданам. Өзімінің айына сұлулыққа жұмсайтын ақшам орта есеппен 200 мың теңге. Оның ішіне тырнақ, кірпік, бет, шаш бәрі кіреді”,-дейді әнші.

Оқи отырыңыз:

Меруерт Түсіпбаева Павлодар билігінен көрген қысымы жайлы ашық айтты

Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Ләйлә Сұлтанқызы айына миллиондап ақша табатынын мойындады

Алматыда бар-бар: Еркеге жауап ретінде түсірілген клипке Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім түсті (видео)

 

 

Талқылау