Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студенттер Гонконгта Наурыз мерекесін тойлады

Қазақстандық студенттер достарымен Гонконгта Наурыз мейрамын ұйымдастырып, қонақ ретінде Қазақстан Республикасы консулдығының қызметкерлерін, ЖОО-лардың оқытушылары мен достарын шақырды.

image133681

Көрнекі сурет: news.caravan.kz 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жастар шашу, концерттік бағдарлама дайындап, дастархан жайды.

Ұйымдастырушылардың қатарында Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, соның ішінде өткен жылы Өскеменде мектеп тәмамдаған Жанерке Тоқтарова бар. Гонконг политехникалық университетінің студенті «Науысқы» күйін орындап,  «Көзімнің қарасы» және «Алтыным» әндерін айтқанда домбырамен әуенін орындады.

Қонақтар қазақ халқының мәдениетімен танысып, ұлттық тағамдардан, соның ішінде Наурыз көжеден дәм татты.

Наурыз мейрамын студенттер Гонконг политехникалық университетінің жатақханаларының бірінде өткізді.

Талқылау