Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студент Жапонияда өндірістік құлтемір жасап шығарды

Қазақстандық өнертапқыш Азамат Ешмұхаметов Жапонияда өндірістік мақсатқа арналған әлемдегі алғашқы манипулятор жасаумен айналысып жатыр.

жщдшлгонрепка

Сурет vk.com

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Yamabot-10 құлтемірін жасап шығару үшін әлі де еңбектену керегін айтады. Аппараттың ерекшелігі оның әмбебаптығында. Бұл құлтемірді құрылыста да, машина жасауда да, фармацевтика, тіпті медицинада да қолдануға болады.

«Құлтемірді пайдалану және оларды жасау экономикамызға септігін тигізіп, ілгері қадам жасауымызға көмектеседі. Ол ынталандырып, экономикамызда жаңа бір бағыт ашады», – дейді Ешмұхаметов.

Қазақстандық студенттің жобасын Токио университетінің нақты ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Йошио Ямамото қолдаған. Азамат макеттің барлық бөлшектерін модельдеп, шағын зертханада өзі басып шығарған. Ол құлтемірді ұстазының есімімен атапты. Алайда. Yamabot-10-ды тек Қазақстанда сынақтап өткізіп, қолданысқа енгізгісі келеді.

«Қаласақ та, қаламасақ та, құлтемір – біздің болашағымыз. Күндердің күнінде оған да жетеміз. Бірақ, күтіп отыра бермей, жұмыс істеу қажет. Қазақстанның жастары осындай құлтемірлер жасауға талпынса, еліміз осы саланы зерттеуде танымал болса екен деймін. Бұл болашақтың ісі, біз соған қарай қадам басуымыз керек. Шынымен де, әр отбасының өз құлтемірі болатын уақыт алыс емес», – дейді инженер.

Талқылау