Қазақстандық студент Александра Эльбакян шетелдік ғылыми басылымдар материалының авторлық құқықтарын бұзғаны үшін айыпталуда.
Сурет rublacklist.net
Бұл туралы mk-kz.kz хабарлайды.
Қазақстандық студент ашқан LibGen деп аталатын база бүкіл әлем бойынша тарайтын ғылыми басылымдарды шығынға ұшыратып кеткен. Ол 50 миллион мақаланы қамтитын деректер қорын ашқан. Яғни, бұл базадан кез-келген қолданушы қажетті материалды көшіріп баса алады. Әр мақаланың құны қыруар қаржыны құрайды: 35 доллардан 500 долларға дейін жетеді.
2015 жылдың маусымында ірі басылымдардың бірі Александра мен оның LibGen базасыныың үстінен арызданып, дегеніне жеткен.
Алайда, Александраның жазалануымен ғылыми мақалалардың авторлары сабасына түсер емес. Қазақстандық қанша жерден жазаланғанымен ғылыми мақалалар әлеуметтік желілерге тарап үлгерген.