Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар Риодағы алғашқы әсерлерімен бөлісті (видео)

Тамыздың 5-і күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары басталады.Қазіргі уақытта Қазақстан спортшылары мен жанкүйерлері Бразилияға келе бастады.

20160803122701

Алғашқы видеолар да интернет кеңістігінде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Біздің спортшылар мен жанкүйерлердің түсірген видеолардың топтамасын назарларыңызға ұсынады. 

20160803122705

Спортшылар Инстаграмдағы парақшаларында Риодағы өздерінің алғашқы видеоларымен бөлісуде. Теннисші Галина Воскобоева Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық қалашықты толық шолып шыққанға ұқсайды. Ол қазақстандық құраманың жатқан жерін, теннис орталығын, тіпті Олимпиада чемпионы Энди Маррейдің жаттығу сәтін де жариялап үлгерген. Данияр Елеусінов болса, Қайрат Ералиевпен, Берік Абдрахмановпен, Әділбек Ниязымбетовпен бірге олимпиада қалашығында түскен бірлескен фотоны жұрт назарына ұсынды. Ал Қазақстан палуандары риолықтармен бірге «Ола, Бразил, Сәлем, Қазақстан!» атты видео сәлемдеме жіберіпті.

Айта кетейік, Қазақстан намысын қорғауға елімізден 104 спортшы аттанды. 2016 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтеді. Ал 5 тамызда ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, 21 тамызда Олимпиаданың жабылу рәсімі болады деп күтілуде.

Жіберіп алмаңыз:

12 жыл бұрынғы Афинада өткен олимпиада ойындарынан кейінгі алаң (фото)

Теннисші Олимпиада ауылындағы Қазақстан құрамасының тұрақтаған үйін көрсетті (видео)

Қазақстанның  Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға  қанша төлейтіні анықталды

Қазақстандық балуан Олимпиада алдында есімін өзгертті

Талқылау