Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы кәсіби бокста бесінші рет жеңіске жетті

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров кәсіби рингте бесінші рет жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы кәсіби бокста бесінші рет жеңіске жетті

Бұл туралы SPORTINFORM хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде Нұрзат Сабыров чехиялық Станислав Эшнермен жекпе-жекке шықты. Жартылай ауыр салмақтағы боксшылардың жарысы алты кезеңге жоспарланған болатын. Мерзімінен бұрын аяқталған айқаста отандасымыз жеңіске жетті. Сабыров төртінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен құлатты.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрзат Сабыров кәсіби бокс турнирінде бесінші айқас өткізіп, соңғы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді. Ал бокста сегіз рет жеңіске жеткен Станислав Эшнер үшін бұл жеңіліс тоғызыншысы болмақ.

Оқи отырыңыз:

Головкиннің жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні ресми түрде жарияланды

20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын 31 секундта нокаутқа жіберді

Макгрегор қазақстандық егізімен бірге АҚШ-та автобусқа шабуылдады (видео)

Британдық боксшының промоутері: Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі күзге жоспарланды

Талқылау