Қазақстандық спортшы гір тасын көтеруден әлем чемпионы болды

Сейсенбі, 21 Қараша , 2017 16:32

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы 19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды.

© Foto: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ал, жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында қараша айының 15-19 аралығында өткен жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан болатын. Додада 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қобыланды, 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруді 62 рет бағындырған. Жаттықтырушысы Мұрат Серікбаевтың айтуынша, Қобыланды алғашқыда қазақ күресімен айналысқан екен.

«2014 – 2015 жылдар аралығында Қобыландыға гір тасын көтерудің қыр-сырын үйреттім. Аз уақытта үлкен нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, осы спортпен айналысқан бір жылдың ішінде жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, сол жылы Латвияда өткен Еуропа чемпионтында күміс жүлдеге қол жеткізген. Ал, келер жылы Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Биыл жастар арасына да еркін кіріп, ел біріншілігін ұтты. Өздеріңіз куә болып отырғандай, жастар арасындағы ұлттық құрамаға мүше болып, Оңтүстік Корея мемлекетінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды»,- дейді бапкер Мұрат Серікбаев.

Ал, бапкердің өзі болса 73 келі салмақ дәрежесінде 24 келіні қоссайыс бойынша 131 рет көтеріп күміс жүлдені алып отыр.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Созақ спортының төл тумасы. Оңтүстіктен шыққан жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Алматы қаласындағы Қазақ туризим және спорт академиясының 3 курс студенті.

Тағы да оқыңыз:

5 жасар қыз кір жуғыш машинада тұншығып өлді

Қазақты мазақ еткен Барон Коэн “Бораттың киімін” киген туристерді жақтап шықты

Ақтауда ер адам көршілерін айыптап хат қалдырып өзіне қол салған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар