Қазақстандық скрипкашының күйеуі егде жастағы адамды ұрды (видео)

Мәскеудегі атақты психолог Константин Саркисян өзінің әйеліне араша түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық скрипкашының күйеуі егде жастағы адамды ұрды (видео)

Қыркүйектің 13-де қазақстандың скрипкашы Лананың күйеуі Константин ер адамды ұрып тастағанын айтты. Оқиға Мәскеудегі отбасы тұратын тұрғын үйлерінің ауласында болған. Оны Саркисян өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында жазған.

Оның айтуынша, ол сол күні үйінде болған. Бір кезде ұлының жылаған даусын естіген. Бұл сәтте жүгіріп дәлізге шығып қолында бір жасарлық қызымен демала алмай жатқан әйелін көреді.

Константин мен Лананың алты жасар ұлы аулада ойнап жүрген қыздың ойыншығын байқаусызда сындырып қойған. Қыздың атасы наразылық таныта бастаған. Лана оған сынған ойыншықтың ақысын төлеуді ұсынып, жағдайды ретке келтіру үшін телефон нөмерін сұраса, оны қыздың атасы тек балағаттап қоя берген.

Мұны естіген Саркисян ер адаммен еркекше сөйлесуді шешеді. Аулаға шығып балалар ойнайтын жерге барады. Орындықта отырған ер адамға тұруын өтінге психологқа тұрудан бас тартып, онымен қоса тағы балағаттаған.

«Оны қинап тұрғызу үшін сөзімді екінші рет қайталап, қолымды создым. Алайда ол менің қолымды бірақ ұрды. Кейін мен оның бетінен үш рет соққы бердім. Үш! 20 емес, 40 емес, тек үшеу ғана. Одан кейін ол тұа алмады. Оның еш жеріне зақым келмеді – тек қабағы ғана қансыраған. Бірақ кенеттен, менің әйелімді боқтап жатқан кезде үндемей тұрған келіншектер маған үлкен адамды ұрдың деп кінә тақты», – деп жазған Саркисян.

https://www.instagram.com/p/BnrRCORhtnd/?taken-by=_curious_person_

Психологтың айтуынша, ол ұрған ер адамды өте кәрі деп айта алмайсың, «таяқ ұстаған ата емес, дене бітімі мықты ер адам» дейді.

Төбелестің видеосы Инстаграм желісінде тарап кеткен. Саркисянды мазалаған видеоға жазылған жағымсыз пікірлер. Бірақ ол істеген ісіне өкінбейді және ер адам өз кесірінен таяқ жеді дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар